Жинақ ақшасы бар адамдар көбінесе оларды инфляциядан қорғау немесе инвестициялау арқылы көбейту мүмкіндігі туралы мәселелерге тап болады. Бұл туралы fingramota.kz сайты хабарлады.
Біреу банктік депозиттерді таңдайды, біреу шетел валютасын сатып алады, біреу жылжымайтын мүлікке немесе алтынға ақша салады. Неғұрлым ірі инвесторлар өз капиталын бағалы қағаздар нарығына бағыттайды.
Көптеген адам Facebook және Tesla, Amazon және Netflix-тің жетістіктері туралы айтылатын жаңалықтардан хабардар, осының арқасында олардың шетелдік биржалардағы бағалы қағаздарының құны артады, ұстаушыларға айтарлықтай табыс әкеледі. Бірақ қалай сол арман айналған бағалы қағаздардың иегеріне айналуға болады?
Қор биржасында сауда-саттықты бастау үшін арнайы делдалдардың – қор биржасындағы сауда-саттыққа қол жеткізе алатын брокерлердің қызметтеріне жүгіну қажет.
Бұл лицензияланатын қызмет түрі, сондықтан алаяқтардың құрбанына айналмау үшін, бірінші кезекте, онда уәкілетті органның лицензиясының бар екендігіне көз жеткізу қажет. Лицензияланған брокерлердің тізімі ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми Интернет-ресурсындағы «Бағалы қағаздар нарығы» бөлімінде орналастырылған.
Мемлекеттік бағалы қағаздар – бұл да уәкілетті мемлекеттік органдар шығарған облигациялар. Қазақстанда бұл Қаржы министрлігі, Ұлттық Банк және жергілікті атқарушы органдар. Мемлекет өз міндеттемелерін орындауды мемлекеттік/жергілікті бюджет (Ұлттық Банктің сметалары) есебінен жүзеге асырады. Сондықтан инвесторлар оларды тәуекелі анағұрлым төмен активтер санатына жатқызады.