Ресей Федерациясы Үкіметінің 18.05.2021 жылғы №1291-р өкіміне сәйкес, қазақстандықтардың Ресейге келуі үшін Ресей азаматтығы бар жақын туыстарының тізімі кеңейтілді. Бұл туралы ҚР Ресей Федерациясындағы Елшілігі хабарлады.
Енді Қазақстан азаматтары туыстық қатынасын растайтын құжаттары болса, өзінің РФ азаматтығы бар жұбайларына, ата-аналарына, балаларына ғана емес, сонымен бірге туған ағалары, әпкелері, әжелері, аталары, немерелеріне де құрлық арқылы келе алады.