Жаңалықтар

Танымал актер Фархат Әбдірайымов қайтыс болды

Қаңтарда 55 жасқа толған

Грузияда түсірілім барысында Қазақстан актері Фархат Әбдірайымов қайтыс болды. Бұл ақпаратты ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі растады. 

Фархат Әбдірайымов 1966 жылы 21 қаңтарда Алматы қаласында туған. Алматы технологиялық университетін инженер-технолог мамандығы бойынша бітірген.

1999 жылдан Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның актері болған еді. Ол «Шанхай», «Ақсуат», «Омпа», «Махаббат тәлкегі», «Сиқыршы демеуші», «Жел адам», «Француз құрбақасынан әзірленген борщ», «Шекара», «Жан жүрегім – Астана», «Параллель әлем», «Гейзер», «Үш лимон», «Батыр», «Ең сұлу» сынды фильмдерге түскен.