Жаңалықтар

Алматыда танымал қазақстандық актер Фархат Әбдірайымовтың есімі кинотеатрға берілмек

Бұл мәселе бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр

Танымал қазақстандық актер Фархат Әбдірайымовтың есімі Kinopark – Kinoplexx Theatres компаниясы Kinoplexx Sary Arka кинотеатрына берілмек. Бұл туралы Tengrinews.kz сайты хабарлады.

 «Біз Фархаттың туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Ол біздің формамызды мақтанышпен киіп, компанияның кез келген іс-шарасын әрдайым қолдап келді. Өз кезегінде, біз осы тамаша адам туралы естелікті сақтап, Алматы тұрғындары оның отандық кино саласының дамуына қосқан баға жетпес үлесін ұмытпағанын қалаймыз. Сондықтан ойымызға Kinoplexx Sary Arka кинотеатрына Фархат Әбдірайымовтың есімін беру және кіреберісте оның қола мүсінін орнату идеясы келді» – деді Kinopark-Kinoplexx Theatres компаниясының PR-директоры.

Kinopark-Kinoplexx Theatres компаниясының PR-директорының айтуынша,  қазіргі бұл мәселе бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр.

Еске салайық, Фархат Абдраимов 20 мамырда Грузияда жаңа жобаны түсіріп жатқан жерде қайтыс болды. Ол өз жұмысымен 30-дан астам картиналармен есте қалды.