Нұр-Сұлтанда Жергілікті полиция қызметі басқармасы мен байкерлер автошеру өткізбек, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Күні мен өткізілу уақыты: 23 мамыр 2021ж. 10.00-13.00 сағатта
Өткізілу орны: Жетіген 16
Жергілікті полиция қызметі басқармасы «ROAD BROTHERS MCC KAZAKHSTAN» байкерлер клубымен бірге елорданың орталық көшелерінің бойында «Біз жолда қауіпсіздікті қолдаймыз!» атты автошеруін өткізуді жоспарлап отыр.
Автошеруде эвакуатормен авариялық жағдайдағы көліктер, сондай-ақ, апаттардың алдын-алуға арналған билбордтары бар автобустар, Полиция департаментінің мотоцикл жүргізушілері мен танымал байкерлер колоннаға қосылады. Колонна қозғалысы кезінде дауыс зорайтқыш құрылғыларда профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылады.
Автошеру Бәйтерек монументінде аяқталып, ол жерде «Жолда қабылдау» акциясы жүргізіледі. Іс-шара барысында елорда тұрғындары мен қонақтары көкейкесті мәселелер бойынша жедел түрде полициямен тікелей байланыса алады.
Іс-шараның мақсаты – жол-көлік оқиғасының алдын-алу және жолын кесуге қоғамның назарын аудару болып табылады.
Автошеру жол ережелерін сақтауға шақырады, барлық жол қозғалысына қатысушыларға зейінділікті арттыруға, бұл өте үлкен жауапкершілік екенін ұмытпауға кеңес береді.