DJ Imanbek тағы бір халықаралық марапат алды

Жарияланды
Қазақстандық ди-джейге америкалықтар кезекті рет жоғары баға берді

Ақсу қаласының 20 жасар тұрғыны, жақында ғана «Үздік ремикс» аталымы бойынша ТМД елдері арасында алғаш болып «Грэмми» сыйлығын алған Иманбек Зейкеновтың қанжығасына тағы бір шетелдік марапат байланды. Атап айтқанда, америкалық «Вillboard» музыкалық басылымы әлемдік музыкалық чарттардағы үздік жетістіктері үшін DJ Imanbek-ке  «Billboard Music Award» марапатын онлайн режимде табыстады. 

Бұл туралы саунд-продюсердің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, жұртшылықтан сүйінші сұрады.

«Billboard Music Award» марапатын алдым. Ол да «Грэмми» сияқты. Қанжығаға тағы бір марапат»  деп жазды музыкант.

Осылайша, қазақстандық жас ди-джей Saint JHN атты рэпердің «Roses» әніне жасаған ремиксі үшін екі бірдей халықаралық дәрежедегі марапатқа ие болып отыр. 
 

Сондай-ақ оқыңыз