Жаңалықтар

Түркістан – Ыстамбұл халықаралық рейсі іске қосты

Билет құны 119 500 теңгеден басталады

2021 жылы 22 мамырда «Turkish Airlines» әуе компаниясы Қазақстанның рухани астанасы – Түркістан қаласынан Ыстамбұлға жаңа халықаралық тұрақты рейс ашты. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бұл рейстің ашылуы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылды.

Түркістан және Ыстамбұл қалалары арасында тұрақты әуе қатынасы эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай кезең-кезеңімен ұлғайып, аптасына 1 рейс (сенб күндеріі), Б-737 әуе кемесімен орындалады.

Билет құны 119 500 теңгеден басталады.

Алғашқы тұрақты рейс іске қосылған сәттен бастап (2020 жылғы 1 желтоқсан) Түркістан қаласының әуежайынан 160-тан астам рейс орындалып, 47 мыңға жуық жолаушы тасымалданды. Рейстердің орташа коммерциялық жүктемесі 83%.

Түркі әлемінің рухани орталығы ретінде Түркістанды 10 облыс орталығымен (Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Өскемен) аптасына шамамен 50 рейспен байланыстыру жоспарлануда.

Түркістан қаласының әуежайы шетелдік әуе компанияларының ұшуы үшін «ашық аспан» режиміне қосылған. Бұл ұшу жағрафиясын кеңейту үшін тартымды етеді және шетелдік туристерді тартуға ықпал етеді.

Сондай-ақ, биыл 31 мамырынан бастап «Fly Arystan» әуе компаниясы Түркістаннан Бішкекке (Қырғызстан) жаңа рейстер ашуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, Ташкентке (Өзбекстан) рейс ашу мәселесі пысықталуда.

Рейстер санитарлық – эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.