Жаңалықтар

Германиядағы балаларға COVID-19-ға қарсы екпе алу ұсынылуы мүмкін

Мектеп оқушыларына "BioNTech-Pfizer" вакцинасын брондау қажет болады

Үндістан коронавирустық инфекциядан зардап шеккен мыңдаған адамдардың көзі «қара саңырауқұлақшаның» дамуы салдарынан алынып тасталды. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.

 Вирус иммундық жүйені әлсірететін стероидтармен емделетіндіктен, Covid-19-дан айығып шыққандар мукормикоз немесе «қара саңырауқұлақша» ауруына шалдығуы әбден мүмкін. 

Бұрын дәрігерлер мұндай жағдайды жылына 3-4 рет тіркесе,  қазір олар күніне бес-алты пациентті қабылдайды. Аурудың алғашқы белгілеріне: мұрыннан судың ағуы, екі жақ беттегі қанның ұюы, көздің ісуі немесе бастың ауруы жатады. Бұл белгілерге науқастар алаңдаушылық танытпайды, аса мән бермейді. Осыған орай олар дәрігердің көмегіне жүгіну мерзімін кейінге қалдырады. 

  Нидерланды коронавирусқа қарсы вакцинациялау қарқынын үдетуде. Нидерланды Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта елде 8 миллионнан астам астам егілген. Екпенің 5,5 миллион дозасы жергілікті вакцинация орталықтарында жасалды. Өткен аптада халыққа шамамен 1 миллион доза егілсе, алдағы кезеңде бұл көрсеткіш аптасына 2 миллионға дейін артуы керек.

 Германиядағы балаларға COVID-19-ға қарсы екпе алу ұсынылуы мүмкін. Елдің Денсаулық сақтау министрі Йенс Шпан мектеп оқушыларына «BioNTech-Pfizer» вакцинасын брондау қажеттігі туралы айтты. Денсаулық сақтау ведомствосы басшысының пікірінше, балалар үшін «BioNTech-Pfizer» вакцинасын сақтау – жазғы демалыстан кейін Германиядағы орта мектептердің ашылуын қамтамасыз етудің тиімді әдісі.