Шымкентте алаяқ тұрғынды 13 миллионнан астам теңгеге алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби аудандық ПБ-ның «102» сымтетігіне қала тұрғыны арызданды. Ол өз арызында таныстары арқылы мемлекеттік сатып алу бойынша тендер ұтып алып беремін деп, оның сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 13 100 000 теңге ақшасын алғанын жазып көрсеткен.
Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби аудандық ПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті тұғынды анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде