Биыл Қазақстан халқының 95% сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі

Жарияланды
Бұл мақсатқа 125 млрд теңге қарастырылған

Республика бойынша сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділік деңгейі қалаларда – 97,5%, ауылдарда – 90,1% құрайды. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналы хабарлады.

Үкімет халықты сумен жабдықтау және су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырып жатыр. 

2021 жылы бұл мақсатқа 125 млрд теңге қарастырылған. Жыл қорытындысында 200 мыңға жуық адамды осы қызмет түрлерімен қамту жоспарланған. Яғни, жалпы алғанда 17,86 млн адамды немесе республика халқының 95% құрайды. Оның ішінде: қалаларда – 98%, ауылдарда – 91,8%.
 

Сондай-ақ оқыңыз