Алматыда эпидемиологиялық ахуал әлі де күрделі
Алматы қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайын-брифинг барысында қалалықтарды шектеу шараларын сақтауға шақырды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алматының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин бүгінде қаланың әлі де «қызыл» аймақта екенін, мутацияланған штаммдардың 84%-ға дейін тіркелгенін еске салды.
«Оның үстіне, мамыр айының соңғы аптасында жұқтырудың төмендегені байқалды, өткен тәуліктерде тіркелген жағдайлар 700-ден 290-300-ге дейін азайған», — деп хабарлады Жандарбек Бекшин.
Алматының Бас санитарлық дәрігері тәуліктің өсімнің 3 есеге дейін азайғанын, ауру көрсеткішінің соңғы 7 күнде 7,7%-ға төмендегенін атап өтті.
«Мамырдың ортасында симптомды сырқаттар қатары азайды, олардың 10%-ға дейін төмендегені байқалды. Алайда, КВИ-дің симпомсыз формасын жұқтырушылардың тіркелуі 12%-ға дейін өсті», — деп жалғастырды Жандарбек Бекшин.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының айтуынша, коронавирустың үшінші толқынының бәсеңдеуіне карантиндік шектеулердің енгізілгені оң әсер еткен. 20%-дық иммундық қабатты қалыптастыру инфекцияның таралуының алдын алды, оның ішінде 14,8%-ы вакциналанған және 5%-ы соңғы жарты жылда ауырып-жазылғандар.
Сондықтан Жандарбек Бекшин қала тұрғындарын санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға және коронавирусқа қарсы тұрудың жалғыз жолы екпе салдыру екенін айтып, вакциналануға шақырды.