Елімізде жұмыссыздар саны азайды

Жарияланды
Пандемия кезеңінде дамыған елдерде жұмыссыздық деңгейінің күрт өсуі байқалды

Биылғы жылдың I тоқсанында елімізде жұмыссыздар саны өткен жылдың IV тоқсанымен салыстырғанда 1,7 мың адамға азайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайты.

Биылғы жылдың I тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 0,1%-ға жоғары. 

Жұмыс іздеуде қиындық көріп жүрген қазақстандықтар халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгіне алады. Жұмыссыз ретінде тіркеліп, жұмысқа орналасуда білікті көмек ала алады.

 Салыстыру үшін, пандемия кезеңінде дамыған елдерде жұмыссыздық деңгейінің күрт өсуі байқалды: АҚШ-та 8,1%-ға дейін (+4,4%), Канадада 9,6%-ға дейін (+3,9%), Испанияда 15,5%-ға дейін (+1,4%.). 

2021 жылдың I тоқсанында Қазақстанда жұмыспен қамту экономиканың барлық салаларында қалпына келтірілді, өсім орта есеппен 1,8%-ды құрады. 

 

Сондай-ақ оқыңыз