Егін егуге 380 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді
Арзандатылған дизель отынының орташа бағасы литріне 165 теңгені құрады, бұл нарықтағы бағадан 14%-ға арзан. Бұл туралы ҚР АШМ баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді.
«Бәріңізге белгілі, бүгінгі таңда мұнай өнімдерінің бағасы өсіп келеді. Жанар-жағармай құю бекеттерінде 1 литр дизель отынының орташа бағасы 192 теңге. Дизель отынының бағасы қанша өссе де егін егу науқаны кезінде фермерлердің қажеттіліктерін толық қамтамасыз ету үшін барлық шаралар қабылданды. Дизель отынының орташа бағасы литріне 165 теңгені құрады, бұл нарықтағы бағадан 14%-ға арзан», – деді Айдарбек Сапаров
Оның айтуынша, биыл көктемгі дала жұмыстарына төмен бағамен барлығы 380 мың тонна дизель отыны бөлінген. Тапшылық болған жоқ.