Румынияда балаларға вакцина сала бастады

Жарияланды
12-15 жас аралығындағы балалар

Румынияда 12-15 жас аралығындағы балаларға BioNTech/Pfizer екпесін салдыра бастады. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады. 

Атап айтқанда, ел астанасы Бухарестте қалалық саябақтардың бірінде екі мобильді егу станциясы қойылды. Станциялардың қызметкерлері екпе қабылдауға ниетті азаматтарды вакцинациялай бастады.

Румынияның Hotnews.ro. жаңалықтар порталының хабарлауынша, балаларды егу ата-аналар вакцинацияға келісім беру туралы құжатқа қол қойғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
 

Сондай-ақ оқыңыз