Шарын шатқалында жүрген сел салдарынан із-түзсіз жоғалған оқушы қыз табылды
Шарын шатқалында жүрген сел салдарынан із-түзсіз жоғалған оқушы қыз табылды. Бұл жайында ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.
«Шарын шатқалы» қызметкерлері Шарын өзенінің бойын жағалай жер бетінде іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында сағат 09-34-те 2010 жылы дүниеге келген қызды тапты. Ол Шарын өзенінің сол жағалауында оқиға орын алған жерден 3-4 шақырым қашықтықта болған. Қазіргі уақытта Республикалық жедел құтқару отряды мен Алматы облыстық төтенше жағдайлар депаратаментінің жедел құтқару бөлімінің құтқарушылары дәрігерге дейінгі алғашқ медициналық көмек көрсетуде», – деді ресми өкіл.
Оның атап өтуінше, зардап шеккен оқушы қызға медициналық көмек көрсету үшін «Қазавиақұтқару» АҚ-ның авиациялық техникасымен Алматы қаласының ауруханаларының біріне жеткізу мәселесі шешіліп жатыр.