Бала асырап алуға ниетті үміткерлер ата-аналар мектебінде оқытылады

Жарияланды
3 мыңнан астам әлеуетті асырап алушы ата-ана психологиялық дайындықтан өтті

Қазақстанда асырап алушы ата-аналар мектептері жұмыс істейді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымда бала асырап алуға ниет білдірген азаматтарды психологиялық даярлау бойынша жаттықтырушылар жұмыс істейді. Бүгінде 3 мыңнан астам әлеуетті асырап алушы ата-ана психологиялық дайындықтан өтті.

Қазіргі уақытта оқу бағдарламасының мазмұнына қойылатын талаптар, азаматтарды психологиялық даярлау жөніндегі қызметті ұйымдастыру тәртібі бекітілді. Сабақтардың жалпы ұзақтығы – 42 сағат немесе 14 сабақ. Дайындық тренинг нысанында жүзеге асырылып, ата-анаға даярлықтан өткені туралы сертификат беріледі.

Нәтижесінде бала асырап алуға ниетті ата-аналар сапалы психологиялық, педагогикалық кеңес алып, баланы отбасына қабылдағанға дейін дайындықтан өтеді.

Бала асырап алушы ата-аналар мектептерінің жұмысы нәтижесінде балалар үйлеріне қайтарылған балалар саны айтарлықтай азайды.

Сондай-ақ оқыңыз