Ресурстар

Нұр-Cұлтанда жексенбі күні қоғамдық көлік жүрмейді

Қоғамдық көліктерге дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі

6 маусымда Нұр-Сұлтан қаласы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, елордада қалалық және қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы бір күнге тоқтатылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жексенбі күні қоғамдық көліктерге дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.

Айта кетейік, қоғамдық көлікке бетпердесіз кіруге болмайды. Ал жол ақысы қолма-қол ақшасыз, көлік картасының көмегімен немесе QR-код сканерлеу/көлік кодын енгізу арқылы төленеді