Ресурстар

“Мүгедектікке шығарып беремін”: тұрғындарды алдаған алаяқ ұсталды

Ол 3 жылға сотталды

Жетісайлық алаяқ тұрғындарды мүгедектікке шығарып беремін деп алдаған. Ол 3 жылға сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

Жетісай аудандық полиция бөліміне арызданып келген жергілікті тұрғын алаяқтықтың құрбаны болғандығын жеткізген. Оның айтуынша, сырттай танысы «мүгедектікке шығарып беремін» деп сеніміне кіріп, 220 мың теңгесін алған. 

Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.
Келіп түскен ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке-басы анықталып, ол тұрғылықты мекенжайынан ұсталды. Күдікті бұрын бірнеше рет сотты болған жұмыссыз жергілікті тұрғын болып шықты.