Жаңа мурал: Алдар көсе бейнесіндегі Шәкен Айманов
Нұр-Сұлтан қаласындағы Ж.Омаров, 64 мекенжайында орналасқан төртқабатты үйдің қабырғасына қазақ киносының атасы Шәкен Аймановтың суреті салынды. «Театральный» бульвары мен «DEMALYS PROMENADE» жаяу жүргіншілер көшесі арасындағы ғимаратта белгілі актер, режиссер Алдар көсе кейпінде бейнеленген.
Муралдың авторы – суретші Асхат Ахмедьяров. Ол үйдің қабырғасында қызыл шымылдықтың салынуы шығармашылықтың, өнер мен театрдың белгісі екенін көрсетпек болған. Ал сол шымылдықтың бер жағындағы Алдар көсе – қырдағы қазақ баласының шынайы кейпі.
Бұл ретте мурал суреті «Алдар көсе» фильмінің стоп-кадры негізінде салынғанын атап өту керек. Дәл осы туындыда Шәкен Айманов Алдар көсенің рөлін сомдады.
онымен қатар, 1964 жылы таспаланған туындының сцеранийін де Шәкен Аймановтың өзі жазып, өзі режиссерлік еткен. Ал 1965 жылы Мәскеуде тұсаукесері өтті.
Одан бөлек, қазақ кинематографиясының негізін қалаушы «Біздің сүйікті дәрігер», «Тақилы періште», «Атаманның ақыры» және тағы басқа фильмдерді түсірді.