Ресурстар

Алтын Орда жол айырығында қандай жұмыстар жүзеге асырылды

Эстакаданың темірбетон аралықтарын орнату бойынша тұтасқұйма жұмыстары жүргізілде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Райымбек-Алматы» учаскесінің құрылысын жыл соңына дейін аяқтау туралы тапсырмасын жүзеге асыру аясында «Таға» типіндегі эстакададағы жолдың жүретін бөлігін асфальттау бойынша жұмыстар жалғасуда. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Сондай-ақ, негізгі жолдағы қозғалыстың ашылуымен жарықтандыруды ұйымдастыру жұмыстары аяқталған. Бұдан бөлек, эстакаданың темірбетон аралықтарын орнату бойынша тұтасқұйма жұмыстары және металл конструкцияларын, құрылыс қалыптарын монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Шілде айының басында асфальт жамылғысын орнату мен абаттандыру жұмыстары аяқталғаннан кейін, «Таға» типіндегі эстакада арқылы көлік қозғалысын ашу жоспарланып отыр.

Бүгінде учаскеде 100-ге жуық маман мен 15 техника бірлігі жұмылдырылған. Екі ауысымдық жұмыс ұйымдастырылған.
 
Жоба ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ерекше бақылауында.