Қордай шекара бекеті уақытша жабылды

Жарияланды
Коронавирус жұқтырған қазақстандық ел аумағына «Қордай» шекара пункті арқылы келген

Бекеттің жұмысы уақытша тоқтатылды: қазақ-қырғыз шекарасында КВИ-ға шалдыққан науқас анықталды. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады. 

Коронавирустық инфекцияны жұқтырған қазақстандық ел аумағына «Қордай» шекара пункті арқылы келген. Өткізу пункті басшысының бұйрығымен бекетті уақытша жабу туралы шешім қабылданды.

22 маусымда Жамбыл облысындағы қазақ-қырғыз шекарасында орналасқан «Қордай» орталық бекетінде көрші елден келген COVID 19-ға шалдыққан науқас анықталды.

Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары бұл факті туралы Қордай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысына және Жамбыл облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне хабарлады.

Осыдан кейін шұғыл түрде науқасты, онымен жақын байланыста болған азаматтарды оқшаулау шаралары қолға алынды. Азаматтар шекарадағы өткізу пунктінің аумағында орналасқан изоляторға жатқызылды. Кейін санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары жедел жәрдем бригадасын шақырды.
Коронавирустық инфекцияға шалдыққан науқастың анықталуына байланысты өткізу пункті басшысының бұйрығымен «Қордай» бекеті уақытша жабылған болатын.

Дезинфекторлар бекет ғимаратын өңдеу шараларын жүргізіп, ғимарат аумағы желдетілгеннен кейін пост өз жұмысын қайта жалғастырды.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың басынан бері Жамбыл облысының мемлекеттік шекарасы арқылы 185 050 адам өтсе, оның 23-і COVID-19-ды жұқтырған.

Сондай-ақ оқыңыз