Тоқаев демалысқа шілде айының ортасында шығуды жоспарлап отыр

Жарияланды
Демалыс бір аптаға созылады

Қазақстан Президенті демалысқа шілде айының ортасында шығуды жоспарлап отыр, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Sputnik.kz-тің ресми сауалына жауап ретінде.

 «Мемлекет басшысы шілденің ортасында бір аптаға демалысқа шығуды жоспарлап отыр. Президент демалысын Қазақстан аумағында өткізеді. Өздеріңізге белгілі, өткен жылы індетке байланысты Қасым-Жомарт Кемелұлы демалған жоқ», – деді Уәли ресми сауалға берген жауабында.

 «Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскеннен бері 2019 жылдың шілдесінде екі жыл және үш айда үш рет қысқа мерзімді демалыс алғанын еске салғым келеді»- деді президенттің баспасөз хатшысы.

Өткен жазда Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет мүшелері мен облыс әкімдеріне демалысты ұмытуға кеңес берді. Елде коронавирустық пандемия өршіп тұрды, ал шенеуніктерге жедел әрекет ету және жағдайдың одан әрі нашарлауына жол бермеу міндеті қойылды.

 

Сондай-ақ оқыңыз