«Балалар әлеуметтік желіде әңгіме айтып отырады». Қашықтан оқыту білім сапасын қатты төмендетті

Жарияланды
Ата-аналардың 91%-ның пікірі осындай

Коронавирус пандемиясына байланысты оқушылар бүкіл оқу жылында қашықтан білім алуға мәжбүр болды. «Kaspersky» компаниясы жүргізген сауалнамада ата-аналардың 91  пайызы қашықтан оқыту білім сапасын төмендетті деп жауап берген. 

 Сауалнамаға қатысқа ата-аналардың 91%-ы қашықтан оқыту салдарынан білім сапасы төмендеді деп тұжырымдаса, 75%-ы білім сапасының құлдырауы қашықтан оқытудың басты кемшілігі деп жауап берген. 

Көпшілік келесі оқу жылы онлайн форматта өтуіне қарсы. Сауалнамаға қатысқан кісілердің 73 пайызы осындай ойда. Ал 70 пайызы қашықтан оқу жалғаса берсе, балалар өз сыныптастарымен байланысын үзеді деген пікір білдіріпті. 

1,5 жыл қашықтан оқыған балалардың жартысына жуығы сабақ уақытында әлеуметтік желіде сыныптастарымен әңгіме айтып отырған. 

«Бұл оқу жылы оқушыларға да, ата-ана, мұғалімдер үшін де қиын болды. Қашықтан оқу мен жұмыс бәрімізді  желіде бұрынғындан әлдеқайда көп уақыт өткізуге мәжбүр етті. Бұл өз кезегінде интернет-қаскүнемдерге тап болу ықтималдығын едәуір арттырды», – деп атап өтті Орталық Азиядағы «Kaspersky»-дің коммерциялық директоры Валерий Зубанов. – Біз балалар мен ересектердің де желідегі қауіпсіздік дағдыларын шыңдау, интернеттегі қауіп-қатер мен оған қарсы тұруды үйрену керегін еске салудан жалықпаймыз. Офлайн режимде әлі де мектепте білім берудің ең тиімді тәсілі болып қаларына қарамастан, оқу процесіне әртүрлі цифрлық және интерактивті тәсілдерді енгізген, дәстүрлі оқу тәсілімен толық алмастырмай, қажет кезде пайдаланған маңызды».

Балалардың интернетте не істейтіні:  ойын ойнап, оқу оқып, достарымен араласатынына қарамастан, онлайн қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін компания Kaspersky Safe Kids шешімін әзірлепті. Оның көмегімен ата-аналар баланың интернетте қанша уақыт болғанын біліп, оны қажетсіз контенттен қорғай алады.  Ол барлық танымал платформалармен үйлеседі: Windows, macOS, Android және iOS. Өнім  баланың интернетте қанша уақыт өткізетіні, қандай сайттарға кіретіні және әлеуметтік желілердегі парақшасында қандай жазба қалдыратыны туралы хабардар болуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, геолокация функциясының арқасында баланың қайда жүргенін анықтауға болады. 

Сондай-ақ оқыңыз