Қазақстан мен Армения арасындағы рейстер қайта жанданды

Жарияланды
Аптасына 2 рейс рұқсат етілді

Қазақстан мен Армения арасындағы рейстер қайта жанданды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Армениямен Нұр-Сұлтан – Ереван және Ақтау – Ереван бағыттарында әр бағыт бойынша аптасына 2 рейс жиілікпен рейстерді жаңартуға рұқсат етілді.

Мәселен, 2021 жылғы 25 маусымнан бастап «SCAT» авиакомпаниясы Ақтау және Ереван қалалары арасында CRJ-200 типті әуе кемесінде эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай кезең-кезеңімен ұлғайта отырып, аптасына 1 рейс жиілігімен тұрақты рейстерді орындауды жүзеге асырады.

Рейстерді қайта бастау Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 16 маусымдағы шешіміне сәйкес қабылданды.

Рейстер санитарлық – эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалатын болады.

Сондай-ақ оқыңыз