Қазақстанда 2021 жылы бұрынғы Семей сынақ полигонының бүкіл аумағын кешенді экологиялық зерттеуді аяқтау жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Зерттеумен қамтылған жалпы аудан 18 311 шаршы км (аумақтың 100%) құрайды.
«Зерттеу нәтижесінде бұрынғы сынақ алаңының барлық аумағының радиоэкологиялық жағдайы анықталады», – деді Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев халық алдында есеп беру кездесуінде.
Семей сынақ полигонының жабылуының 30 жылдығына полигонның ластанған жерлерінде ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау жоспарлануда.