Атырауда 400 жүргізуші жауапқа тартылды
Атырауда 400-ден астам жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау қаласының патрульдік полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында 25-27 маусым күндері аралығында 414 көлік жүргізушілерін әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Мысалы, 27 маусым күні сағат 04:05 шамасында патрульдік полиция қызметкерлерімен Махамбет-Сатыбалдиев көше қиылысы тұсында BMW маркалы автокөлігі тоқтатылып, тексеріс кезінде 34 жастағы жүргізушісінен ішімдіктің иісі байқалған.
Медициналық сараптаманың корытындысымен оның жеңіл дәрежедегі мас екендігі анықталып, аталған ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқарғаны үшін) әкімшілік хаттама толтырылып, көлік жүргізушісі сот шешімімен жеті жылға жүргузуші құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар көлік құралы арнаулы тұраққа қойылды.