Төтеншеліктер қатты ыстықта далаға шықпауға кеңес береді
«Қазгидромет» РМК деректері бойынша еліміздің бірқатар өңірлерінде 30 маусым мен 2 шілде аралығында қатты ыстық сақталады. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
Нұр-Сұлтан қаласында 1-2 шілдеде күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.
Алматы қаласында 30 маусым күні күндіз 33-35 градус қатты ыстық күтіледі.
Шымкент қаласында 30 маусым-2 шілде аралығында 40 градус қатты ыстық күтіледі. Түркістан қаласында 30 маусым-2 шілде аралығында 40-42 градус қатты ыстық күтіледі.
30 маусымда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз 35-39 градусқа дейін өте қатты ыстық күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, кей жерлерде желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Кей жерлерде өте жоғары өрт қауіптілік сақталады. Орал қаласында күндіз 30 маусымда найзағай, бұршақ, 36 градус қатты ыстық күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, желдің екпіні секундына18 метр болуы ықтимал.
30 маусымда күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай болады, онтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, найзағай кезінде желдің екпіні секундына 18 метр болуы ықтимал. Өте жоғары өрт қауіпі сақталады.
30 маусымда Атырау облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз найзағай кезінде желдің екпіні секундына 15-20 метр болуы ықтимал.
30 маусымда күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Кей жерлерде өте жоғары өрт кауіптілік сақталады. Қарағанды қаласында күндіз 1 – 2 шілдеде 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Жезқазған қаласында күндіз 30 маусымда – 2 шілдеде 36-38 градус қатты ыстық күтіледі.
Қостанай облысында күндіз 30 маусым-1 шілде аралығында кей жерлерде 40 градус қатты ыстық, төтенше өрт қаупі күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында күндіз 30 маусымда 35 градус қатты ыстық күтіледі. 1-2 шілдеде күндіз 35-37 градус қатты ыстық, өте жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Күндіз 29-30 маусымда, 1 шілдеде Алматы облысында кей жерлерінде 35-38 градус қатты ыстық күтіледі, төтенше өрт қаупі сақталады.
30 маусымда күндіз Қызылорда облысында 40-44 градус қатты ыстық және өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында 30 маусымда күндіз 41-43 градус қатты ыстық сақталады.
Жамбыл облысында күндіз 30 маусым таулы және тау бөктеріндегі аудандарда найзағай, бұршақ, солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетуі ықтимал. 30 маусым күні күндіз облыстың басым бөлігінде 38 градусқа дейін қатты ыстық, төтенше өрт қаупі күтіледі. Тараз қаласында 30 маусым күні күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, желдің екпіні секундына15-20 метрге жетуі ықтимал.
Ақмола облысы Көкшетау қаласында 1-2 шілдеде күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.
Төтенше жағдайлар министрлігі ыстықтан сақтану үшін азаматтарды аса қажеттілік болмаған жағдайда далаға шықпауға кеңес береді, сондай-ақ:
– ағзаны сусызданудан қорғау үшін көп су, күніне кемінде 1,5-3 литр сұйықтық ішу керек;
– аптап ыстықта кез-келген физикалық белсенділіктен бас тартыңыз;
– күндіз күн сәулесі бөлмеге кірмеуі үшін терезелерді ашық реңкті перделермен жабыңыз;
– күн өтпес үшін бас киім, ашық ауа өткізбейтін киім (мақтадан жасалған) киіңіз. Ыстық ауа райында балаларға ерекше назар аударып, сақ болыңыз.
Сонымен қатар, азаматтарды дала және орман алқаптарында болған кезде қауіпсіздік қағидаларына сақтауға шақырамыз. Табиғи өрттердің орын алуының негізгі себептері халықтың отты абайсыз пайдалануы, сөндірілмеген темекі, алау, жанған сіріңке, майлы немесе тозығы жеткен шүберек, шыны бөтелке, көлік құралының сөндіргішінен ұшқыны, құрғақ шөптің жағу, найзағай болып табылады.