Бір тәулікте 2400 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды
1 шілдедегі мәлімет бойынша, 26 122 адам коронавирус инфекциясынан емделіп, соның ішінде 7 738 пациент стационарда, 18 384 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Өткен тәулікте 2436 адам коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталған.
Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласында – 807, Алматыда – 305, Шымкентте – 143, Ақмола облысыда – 50, Ақтөбе облысы – 66, Алматы облысы – 52, Атырау облысы – 98, Шығыс Қазақстан облысы – 78, Жамбыл облысы – 27, Батыс Қазақстан облысы –121, Қарағанды облысы – 394, Қостанай облысы –51, Қызылорда облысы – 35, Маңғыстау облысы – 81, Павлодар облысы – 64, Солтүстік Қазақстан облысы – 20, Түркістан облысында 44 адам инфекция жұқтырған. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 425573.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 488 адамның жағдайы ауыр,
• 103 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 68 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.