Елімізде 2020 жылы 85,7 млн тонна мұнай өндірілсе, биылғы жоспар – 85,3 млн тонна. Соның ішінде 15,8 млн тонна мұнай өңделген. Биыл бұл көрсеткіш 17 млн тоннаға жетуі тиіс.
Энергетика министрлігінің мәліметі бойынша, елімізде 2020 жылы 11,5 млн тонна мұнай өнімі шығарылған. Биыл Қазақстан 12,4 млн тонна мұнай өнімдерін шығару жоспарланып отыр.
Елімізде өндірілетін мұнай мен газ конденсатының 60%-нан астамы цифрлық мониторингке кіреді. Қазіргі кезде жоба пилоттық режимде іске қосылды. Оған 7 мұнай өндіруші ұйым, 4 мұнай тасымалдаушы ұйым және 3 мұнай өңдеу зауыты қосылған.
«Биыл мұнай және газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға енгізу жоспарланған» дейді Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев.
Ақпараттық жүйеге Қазақстандағы мұнай мен газ конденсатын жалпы өндіру мен өңдеудің 60 пайызын жүзеге асыратын компаниялар қосылады.