Балалар коронавирустың «дельта» штамын жиі жұқтыра бастады – Алмаз Шарман

Жарияланды
Ел тұрғындарының тек 17 пайызы вакцина салдырған

Балалар коронавирустың ең қауіпті және агрессивті штамын жұқтыра бастады. Бұл туралы профессор-иммунолог, Профилактикалық медицина академиясының президенті, америкалық Денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі Алмаз Шарман мәлімдеді.

Оның айтуынша, «дельта» штамын жұқтыру ауруханаға жатқызу мен өлім қаупін едәуір арттырады.

«Балалар арасында «дельта» штамын жұқтыру 5 есе жиілей бастады. Яғни, COVID-19 вирусы жасарды, бірақ балаларда инфекцияның қаншалықты агрессивті жүретіні әзірге белгісіз. Ересектерге келетін болсақ, «дельта» инфекциясын әлі вакцина салдырмаған адамдар жұқтыруға бейім. Вакцина кез-келген КВИ нұсқаларына қарсы жалғыз тиімді құрал болып қала бермек. Вакцина алғандар өз иммундық жүйесі «дельта» нұсқасынан қорғай алады деп сеніммен айта алады. Ал вакцина салдырмағандар пандемияның инфекция мен өлім қаупі өте жоғары болып тұрған ең қауіпті кезеңінде екендерін түсінулері керек» деді Алмаз Шарман.

Ол сонымен бірге, пандемиямен күресудің жалғыз тиімді жолы вакцинация екенін атап өтті. Бүгінгі таңда әлемде КВИ вакцинасының 3 млрд астам дозасы енгізілген, бұл 100 адамға шамамен 39 дозаны құрайды. Алайда, вакцинамен негізінен АҚШ, Израиль және Еуропа елдерінің халқы қамтылған. Қазақстанда тұрғындардың тек 17%-ы ғана вакцинаның бірінші компонентін алды.

Сондай-ақ оқыңыз