Ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегіне сүйенсек, қазіргі уақытта республика бойынша 795 мың тонна азық-түлік қоры бар. Оның ішінде өндіруші кәсіпорындарда 298 мың тонна, қоймаларда – 93,2 мың тонна, сауда желілерінде – 353,2 мың тонна, тұрақтандыру қорларында 19,8 мың тоннасы сақтаулы.
Ауыл шаруашылығы министрлігі өңірлердің 32 түрлі негізгі азық-түлікпен қамтамасыз етілуіне апта сайын мониторинг жүргізіп отырады. Мониторинг барысында тұрақтандыру қорлары, ірі сауда желілері, жеткізушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарының қоймаларындағы қор ескереді.
«Өңірлердің жедел деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта республика бойынша 795 мың тонна көлемінде түрлі азық-түлік тауарлары қоры бар. Оның ішінде өндіруші кәсіпорындарда 298 мың тонна, қоймаларда – 93,2 мың тонна, сауда желілерінде – 353,2 мың тонна, тұрақтандыру қорларында – 19,8 мың тонна. Сонымен қатар, 325 млн жұмыртқа мен 3,5 млн тонна азық-түлік бидайы бар» деп хабарлайды министрлік.
Осыған орай, тез бұзылатын өнімдердің бір апта немесе одан да көп уақытқа жететін, ал ұзақ мерзімді сақтау өнімдерінің бірнеше айға жеткілікті қоры жинақталған. АШМ елімізде жыл сайын азық-түлік өндірісі артып келеді және қор үнемі жаңартылып, толықтырылып тұратынын айтады. Сондықтан алдағы уақытта елімізде азық-түлік тапшылығы туындамауы тиіс.