Президент қашықтан жұмыс істеу туралы заңға қол қойды

Жарияланды
Еңбек кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізілді

Мемлекет басшысы еліміздің Еңбек кодексіне  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда сайты. 

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне қашықтан жұмыс істеудің құқықтық реттелуін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды» делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бұған дейін депуттаттар еңбек қатынасын реттейтін заңға «қашықтан жұмыс істеу» ұғымын енгізуді ұсынған болатын. 
 

Сондай-ақ оқыңыз