3,5 млн адам вакцинаның бірінші бөлігін салдырды
2021 жылғы 3 шілдедегі мәлімет бойынша, вакцинаның I компонентін 3 612 610 адам салдырса, II компонентін 2 134 938 тұрғын алған.
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК дерегіне сүйенсек, қазіргі кезде 28 575 адам коронавирус инфекциясынан (27 231 КВИ+ және 1 344 КВИ-) емделіп, соның ішінде 8 640 пациент – стационарда, 19 935 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 541 адамның жағдайы ауыр, 117 пациенттің жағдайы өте ауыр болса, 72 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды, Маңғыстау облыстары «қызыл» аймаққа кірген.
Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Павлодар облыстары «сары» аймақта тұр.
Ал «жасыл» аймақта: Алматы, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.