Алдағы демалыс күндері қатты ыстық болады

Жарияланды 3 Шілде 2021 05:30

Қазақстандағы аномалды ыстық алдағы демалыс күндері сақталады. Кей өңірлерде ауа температурасы 45 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды «Қазгидромет». 

3-5 шілде күндері республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында атмосфералық фронтальдық бөліктері өтуімен өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді.

Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, батысында және орталығында ауа температурасы түнде +15+23 градус, күндіз термометрлер +35+40 градус болады. 

Еліміздің шығысында ауа температурасы түнде +12+20℃ +17+25°С, күндіз +27+35℃ +30+38°С, ал оңтүстік-батыста, Қазақстанның оңтүстігінде түнгі температура +20+28°С, күндіз +35+45°С болады.
 

Сондай-ақ оқыңыз