Алматыда 200 адам шақырылған тойды тарқатып жіберді
Жарияланды
Тойхана иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылмақ
Алматы қаласының мониторинг тобы 1 шілде күні «Baq Saray» мейрамханасында өтіп жатқан тойды тарқатып жіберді. Карантин шектеулеріне байланысты қалада той-томалақ пен бұқаралық іс-шара өткізуге тыйым салынған.
Мониторинг тобы түсірген видоедан 200-ге жуық қонақ жиналғаны анықталыпты.
Мекеме иесін карантин талаптарын сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша материалдар жиналған.
Тойдың үстінен түскен мониторинг тобы қонақтарға үйге қайтуға кеңес беріп, коронавирустың өте қауіпті «дельта» штамы туралы ақпарат берген. Осындай той-томалақ пен салтанатты шаралар КВИ-дің таралуына ықпал етеді.
Бірінші рет ескерту алған ресторатор тәртіпке бой ұсынбай, карантин талаптарын тағы бұзса, тойханасы жабылып қалуы да мүмкін.