Қасым-Жомарт Тоқаев Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Жарияланды
Камчатка өлкесінде Ан-26 ұшағы апатқа ұшырады

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге Камчатка өлкесінде Ан-26 ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп жазады Ақорда сайты. 

Мемлекет басшысы  ұшақ жолаушылары мен экипаж мүшелерінің қаза болуын терең күйзеліспен қабылдаған. 

– Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, қаза болғандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамын, – делінген Президенттің жеделхатында.

Сейсенбі күні Камчатка өлкесінде Петропавловск-Камчатский – Палана бағытында ұшып бара жатқан Ан-26 ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақта 22 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болған. Алдын ала дерек бойынша, бәрі қаза тапқан. 

Сондай-ақ оқыңыз