Дамушы елдер валютасының бағамына қандай жағдай әсер етті?

Жарияланды
Ұлттық банктің шолуы

2021 жылғы 25 маусым мен 3 шілде аралығында сыртқы валюта нарықта дамушы елдер валюталарының қарқыны жан-жақты болды. Азия елдерінде карантиннің күшеюіне байланысты, әлем эконоикасына Covid-19 вирусының жаңа штаммы әсер етеді деген қауіп те арта түсті. Халықаралық валюта қоры АҚШ-тың экономикалық көрсеткіштерін бағалай отырып, АҚШ-тың федералды резервтік жүйесі 2022 жылдың соңына қарай ставка ұлғая бастайды деген болжам жасады. Маусым айындағы АҚШ-тың еңбек нарығы туралы мәліметтері инвесторлар арасында аралас реакция тудырды, жұмыс орындарының саны болжамнан асты (+850 мың), алайда, жұмыссыздық деңгейі 5,9% дейін өсті. 

Дамушы елдердің валюта бағамдарының қарқыны  АҚШ долларына қатысты төмендегідей қалыптасты: 

•    Түрік лирасы ОБ шетелдік валютадағы депозиттер бойынша нормативтік резервті талаптарды 200 б.к дейін қатаңдатуына байланысты (19%-дан 21%) 0,9% нығайды  ( 8,77-ден  8,69-ға дейін); 

•    мексикалық песо 0,3% нығайды (19,82-ден 19,77-ге дейін). ОБ өкілі хабарлағандай, 2021 жылдың соңына дейін инфляция 5%-ға дейін баяуламаса, реттеуші ставканы одан сайын көбейту мүмкіндігін қарастырады; 

•    үндістандық рупия елде Covid-19 вирусының таралуына байланысты сауда орталықтарының жұмысына уақытша шектеу қойылады деген ақпаратқа байланысты 0,7% әлсіреді (14 425-тен 14 553-ке дейін);  

•    Оңтүстікафрикалық ранд ДН-дың бірқатар елінде (Бразилия, Мексика мен Ресей) бірқатар өсім болғанына қарамастан, реттеуші негізгі ставканы өзгеріссіз қалдырады деген инвесторлардың болжамына орай қор мен қарыз нарығынан капиталдың кетуіне байланысты 0,7% әлсіреді (14,15-тен 14,25-ке дейін); 

•    Үнді рупиясы  қымбат мұнай мен геосаяси тәуекелдердің артуына байланысты 0,8% әлсіреді (74,19-дан 74,75-ке дейін). Үнді елі ҚХР-мен шекарада патруль жасау үшін қосымша әскери күш жіберді;  

•    Ресей рублі салық төлемдері төленіп біткен соң және ЕО тарапынан болып жатқан санкциялық тәуекелдерге байланысты 1,5% әлсіреді (72,06-дан 73,14-ке дейін); 

•    бразилиялық реал ел президентіне вакцина сатып алған кездегі жемқорлыққа байланысты тергеуде немқұрайлылық танытты деген айып тағылған соң, 2,6% әлсіреді. 
 

Сондай-ақ оқыңыз