Эпидахуал матрицасы: 11 өңір «қызыл» аймақта тұр

Жарияланды
«Жасыл аймақта» тек 2 облыс қалды

12 шілдедегі Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.

«Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстары  тұр «Сары» аймақта Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары кірген. «Жасыл» аймақта: Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.

 Қазіргі кезде 41 980 адам коронавирус инфекциясынан (40 545 КВИ+ және 1 435 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 13 568 пациент стационарда, 28 412 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

 815 адамның жағдайы ауыр,

 189 пациенттің жағдайы өте ауыр,

 126 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз