Алматы қаласы прокуратурасының тапсырмасымен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Finiko компаниясының қызметіне талдау жүргізіп, қаржы пирамидасының белгілері бар деген қорытынды шығарған. Осыған байланысты, прокуратура қатысы бар тұлғаларды анықтауға бағытталған бірқатар іс-шараларды қолға алып, Алматы қаласы Экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп The Finiko компаниясының заңсыз қызметі расталған. Алматы қаласының прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысын бақылауға алды, деп хабарлайды водомство баспасөз қызметі.
«2021 жылғы 7 шілдеде СДТБТ-де тіркеу жүргізілді және ҚР ҚК-нің 217-бабының 3-бөлігі бойынша аса ірі мөлшерде ақша қаражатын тарта отырып, қаржылық (инвестициялық) пирамиданы, қылмыстық топты құру және оған басшылық ету бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды» делінген хабарламада.
Әлеуметтік желілерді мониторинг жасау нәтижесінде, клиенттеріне салған ақшасыныңн 150%-на дейін (ең төменгі салым 500 АҚШ доллары) сыйақы беруге уәде етіп, өт қатарына тартатын The Finiko компаниясы анықталған.
Компанияның сайтындағы деректерге сүйенсек, салымшылардың саны (Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Армения, Белоруссия, Өзбекстан, Түркия және т.б.) 165 мыңнан асады.
Жоғарыда аталған компанияның қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар Алматы қаласының Экономикалық тергеу департаментіне келесі +7 701 888 82 06 нөмірі бойынша хабарласа алады.