Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 54 адам қайтыс болды

Жарияланды
50 мың адам ем алып жатыр

Қазақстанда өткен тәулікте 5 мыңнан аса адамнан КВИ анықталып, коронавирус пен пневмониядан 54 адам көз жұмды. 

Пандемия басталғалы коронавирус жұқтырғандар саны 477 754-ке жетті. 423 996 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шыққан. 

16 шілдедегі мәлімет бойынша, 50 457 адам коронавирустан емделіп жатыр. 

«Олардың ішінде 16 186 пациент  – стационарда, 34 271 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 934 адамның жағдайы ауыр, 225 пациенттің жағдайы өте ауыр, 117 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған» делінген ВАК таратқан мәліметте. 

Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес 13 өңір «қызыл аймақта» тұр: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары. «Сары аймақта»: Алматы және Жамбыл облыстары, ал «жасыл аймақта» Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары тұр.  

Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы  вакцинаның бірінші компонентін 4 776 755 адам, екінші  бөлігін 2 661 833 адам салдырды.
 

Сондай-ақ оқыңыз