Қазақстан Тәжікстанға әскери көмек беруі мүмкін

Жарияланды
Тәжік-ауған шекарасындағы қауіп-қатерге қарсы тұру үшін

Қазақстан мен Тәжікстанның Қорғаныс министрлері телефонмен сөйлесті. Нұрлан Ермекбаев пен Шерали Мирзо Тәжікстанға көмек көрсету мәселесін талқылады, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. 

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев пен Тәжікстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник Шерали Мирзо тәжік-ауған шекарасы ауданындағы жағдай мен  қауіп-қатерлерге қарсы тұру үшін Қазақстанның Тәжікстанға көмек көрсету мәселелерін талқылағаны хабарланған. 

Қорғаныс ведомстволарының басшылары  сонымен қатар Душанбе қаласында өтетін Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттері қорғаныс министрлерінің алдағы уақытта өтетін кеңесіне байланысты мәселелерді де қозғаған. 
 

Сондай-ақ оқыңыз