Жыл басынан бері жалған құжат жасағандардың үстінен 86 іс қозғалған

Жарияланды
Жалған вакцина паспорты мен жалған анықтама жасағандары үшін

Жыл басынан бері жалған құжат жасағандарға қатысты 86 іс қозғалған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ішкі Істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаров мәлім етті.

Оның айтынша, жалған вакцина паспорты мен  ПТР-анықтамаларды беру немесе қолдан жасау фактілері туралы ақпарат жинайтын ведомствоаралық арнайы жұмыс тобы  құрылған. Оған 7 мемлекеттік органның (ІІМ, ҰҚК, БП, СЖҚА, ҚМА, ДСМ, АҚДМ) қызметкерлері еніпті.

«Ішкі істер органдарының жедел және тергеу бөлімшелері жалған құжат сату фактілерін анықтау бойынша әртүрлі жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізеді. Полиция қызметкерлері медициналық орталықтарды, емханаларды, вакцина алу пункттерін тексеруді жалғастырып жатыр. Жыл басынан бері полиция органдары жалпы саны 86 қылмыстық іс қозғады, оның 39-ы вакцинация паспортын, ал 47-сі ПТР-анықтаманы қолдан жасаған. Жалған құжат жасағаны үшін 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал оны пайдаланғаны үшін 40 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған» деп атап өтті А.Заппаров.

Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет-ресурстарды мониторинг жасау жалғасуда. Атап айтқанда, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде жалған вакцина паспортын немесе ПТР-анықтама сататыны  

Сондай-ақ оқыңыз