2021 жылғы маусымда Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 139,2 млрд теңгеге ұзақ мерзімді (МЕУКАМ) мемлекеттік бағалы қағаз орналастырған.
Ұлттық банк мәліметі бойынша, маусымда барлығы 11 облигация шығарылып, онда 2 жылдан 14 жылға дейін өтеу мерзімі бар мемлекеттік бағалы қағаздар орналастырылды. Олардың орташа кірістілігі жылдық 9,60%-дан 10,70% дейін.
Қаржы министрлігінің айналымдағы бағалы қағаздарының көлемі 2021 жылғы маусымда 1,1%-ға артып, 9 994,9 млрд теңгеге жеткен.
Маусымның соңында кірістілік қисығы 4 жылға дейінгі сегментте кірістіліктің төмендегенін көрсетті, бұл ретте 4 жылдан асатын сегментте 2021 жылғы мамырдың соңындағы деңгеймен салыстырғанда кірістіліктің артуы байқалады.