Атырауда медицина қызметкері жалған вакцина паспортын жасаған

Жарияланды
Күдікті жалған ақпарат енгізу үшін 10 мың теңге алған

Атырауда жалған вакцина паспортын дайындаған емхана қызметкері ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

 Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Атырау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Атырау облыстық әкімдігі мен прокуратурасымен бірлесіп Egov.kz ақпарат жүйесіне «Covid-19»  жалған вакцина  паспортын жасаумен айналысқан медициналық қызметкерді ұстады.

Күдікті жалған ақпарат енгізу үшін 10 мың теңге алған. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 206-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Сондай-ақ оқыңыз