Биыл оқу жылының бірінші тоқсаны қашықтан болатыны туралы ақпарат – жалған
Жарияланды
Асхат Аймағамбетов брифингтерде мұндай мәлімдеме жасаған жоқ
Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар жаңа оқу жылының бірінші тоқсанында қашықтан білім алады екен, бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов брифингте мәлімдеді деген жалған ақпарат тарап жатыр. Асхат Аймағамбетов брифингтерде мұндай мәлімдеме жасаған жоқ. Бұл туралы ҚР БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.
«Оқыту форматы туралы шешімді коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия, елдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері және өңірлердің бас санитарлық дәрігерлері қабылдайды», – делінген.