Ресурстар

Павлодарлық полицейлер 200-ден астам жалған вакцинация паспорттарын тәркіледі

Нәтижесінде техникалар мен құжаттамалар тәркіленіп

 Павлодарлық полицейлер 200-ден астам жалған вакцинация паспорттарын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Павлодар облысының полиция қызметкерлері 2021 жылдың мамыр айында Павлодар қаласы емханаларының бірінде төрт медицина қызметкері «COVID-19» вакциналарының  электрондық базасына жалған мәліметтер енгізу арқылы вакцинация паспорттарын қолдан жасағанын анықтады, іс-шара барысында 200-ден астам жалған паспорт тәркіленді. 

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 385-бабының 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сотқа дейінгі тергеу барысында барлық тергеу-жедел іс-шаралары жүргізіліп, қатысушылардың ұялы телефондары алынды, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің жұмыс орны бойынша тінту іс-шаралары жүргізілді. Нәтижесінде техникалар мен құжаттамалар тәркіленіп, тиісті сараптамалар тағайындалды.

 «Қазіргі уақытта Павлодар облысының Полиция департаменті «COVID-19» вакцинациясының жалған паспорттарын сатып алған және одан әрі пайдаланған адамдар тобын анықтауда. Аталған адамдарға қатысты тиісті тергеу амалдары жүргізіліп, Қазақстан Республикасы ҚК 385-бабының 3-бөлімі бойынша жалған құжатты пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы мәселе қарастырылады», – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.