Әлеуметтік желідегі құйтырқы сауалнамалар

Жарияланды
Алаяқтарды қалай анықтауға болады

 Қазіргі уақытта әлеуметтік желіні пайдаланушыларға ақша үшін сауалнама жүргізу ұсынылатын хабарлама таралуда.  Бұл сіздің банктік шотыңызды айтарлықтай «жеңілдететін» онлайн-алаяқтықтың бір түрі. Бұл туралы Fingramota.kz. сайты хабарлады.

Іс жүзінде бәрі қарапайым. Егер сізге ұтысты алып кету үшін немесе квиз-сайттағы виртуалды шоттан ақшаңызды шығару үшін ақша төлеуді ұсынса, бұлар – алаяқтар!

 Жалған сұрақтарды шынайы сұрақтардан қалай ажыратуға болады: 

1. Алаяқтар сауалнамаға қатысу үшін ақша салуды ұсынады және осыдан кейін ғана пайдаланушыларға тапқан ақшаларын аударуға уәде береді. ынайы маркетингтік сауалнама тегін, олардың сыйақылары да көп болмайды және оны шығарып алу қиын емес.

2.Алаяқтарға пайдаланушының деректері мен карта деректемелерін біліп алу керек, ал маркетингтік сауалнамада «Сіз қандай банктің картасын пайдалансыз?» және «Картаңыздың артқы жағындағы үш таңбалы кодты көрсетіңіз» деген сияқты сұрақтар мен өтініштер болмайды.

3. Алаяқтар барлығына сауалнама жүргізуді ұсынады, ал маркетингтік компаниялар фокус-топтарды ұсынады. Оларды жеке мақсатты аудитория қызықтырады, мысалы: студенттер, жұмыссыздар, үй шаруасындағы әйелдер және тағы басқалар.

4. Алаяқтар тұрақты негізде ақша табу мүмкіндігі бар сауалнаманы ұсынулары мүмкін, бұл ретте шынайы сауалнамалар негізінен бір жолғы акциялар болып табылады.

Егер сіз дер кезінде тоқтап, сілтемені жапсаңыз да, сауалнамадан өту барысында жеке деректерді: аты-жөніңізді, туған күніңізді, тұратын қалаңызды және т.б. енгізсеңіз, қырағылықты жоғалтпаңыз. Болашақта бұл ақпаратты, мысалы, телефон алаяқтары оңай пайдалана алады. Өздерін банктің немесе басқа беделді ұйымның менеджері ретінде таныстыра отырып, адастырып және әлеуметтік инженерия әдістерін еппен қолдана отырып, олар жеке сөйлесу барысында сіздің құпия мәліметтеріңізді біліп алуға тырысады.

Егер сіз қаскүнемдерге қажетті ақпаратты беріп, тіпті сауалнамадан өткеннен кейін табыс алу үшін ақша аударсаңыз не істеу керек? Картаңызды шұғыл түрде бұғаттаңыз, банктің мобильдік қосымшасындағы порольдерді өзгертіңіз және банкке, сондай-ақ құқық қорғау органдарына қоңырау шалыңыз.
 

Сондай-ақ оқыңыз