Қазіргі заманғы қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылар өз қызметін әртүрлі қызмет салалары ретінде, әсіресе интернетте шебер жасырады. Сондықтан қаржы пирамидасын тану үшін оның белгілерін білу қажет. Бұл туралы fingramota.kz сайты хабарлады.
Олардың негізгілері мыналар:
уәкілетті органның қаржы нарығында ақша қаражатын тарту жөніндегі қызметті жүзеге асыру және/немесе ұйымның қызметін дәл айқындау үшін берілген лицензиясының болмауы;
қазіргі нарықтық деңгейден бірнеше есе жоғары және ультра жоғары кірістілік туралы уәде беру;
жаңа қатысушыларды тарту үшін қаражат төлеу;
«инвестициялық» жобаларға салу кезінде кірістілік алуға кепілдік беру;
БАҚ-та, интернетте жаппай жарнамалау;
құрылтайшылар, құрылтай құжаттары, қаржылық көрсеткіштер және қызмет нәтижелері туралы ақпараттың болмауы;
есептіліктің болмауы; активтер мен инвестициялау бағыттары құрылымының айқын болмауы;
меншікті негізгі құралдардың, басқа да қымбат активтердің және т. б. болмауы.