Қайырымдылық жәшігін ұрлап кеткен күдікті ұсталды

Жарияланды
Жәшікте 500 теңге ақша болған

Павлодарда ер адам қайырымдылық жәшігін ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

Әлеуметтік желілерді мониторингілеу кезінде ер адамның қайырымдылыққа жиналған қаражаты бар жәшікті ұрлағаны туралы бейнежазба анықталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында павлодарлық полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен белгілі тұрғылықты жері жоқ 43 жастағы ер адамды ұстады.

 Анықталғандай, Павлодар қаласының Лермонтов көшесіндегі дүкендердің бірінде күдікті оның әрекетін ешкім бақыламаған сәтті пайдаланып, жәшікті ұрлап кеткен. Жәшікте 500 теңге ақша болған. 

Ұрлық фактісі бейнебақылау камераларына тіркелді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде

 

Сондай-ақ оқыңыз