Қазақстанда вакциналау қарқыны қаншалықты артты?
Үкімет отырысында елдегі COVID-19-бен ауыруға қатысты санитарлық-эпидемиологиялық ахуал қаралды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, әлемде COVID-19-бен ауыру мен өлім-жітім бойынша жағдай әлі де тұрақсыз болып тұр. Соңғы мәліметтер бойынша әлемде КВИ-дің 204 млн-нан астам жағдайы тіркелген, тәулігіне 500 мыңнан астам жағдай тіркеледі. 4,3 млн-нан астам адам қайтыс болды.
Эпидемиялық ахуал Америка (78 млн адам жұқтырған), Еуропа (60 млн), Оңтүсік-Шығыс Азия (38 млн), Шығыс Жерорта теңізі елдерінде (12 млн) тым қатты күшейіп тұр. Сонымен қатар соңғы аптада аурудың ең көп өсуі Жапонияда байқалды, онда бір апта ішінде ауру 98, Израильде 75, Әзербайжанда 69%-ға өсіпті. Қазақстанда бір апта ішінде өсім 10%-ды құраған.
«Қазақстанда дельта штаммының анықталуына байланысты шілде айында сырқаттанушылықтың өсуі тіркелді, бірақ тамыз айының басынан бастап Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылық өсімінің баяулауы және COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы байқалады» деп атап өтті Цой.
Министрдің айтуынша, инфекциялық төсектердің жоғары жүктемесі Атырау облысында, Нұр-Сұлтан қаласында – 69%-дан, Ақтөбе облысында – 65%-дан, Алматы қаласында және Жамбыл облысында – 63%-дан байқалады. Вакциналауға келер болсақ, бүгінгі таңда 1-компонентті – 5,9 млн жуық адам, тиісті халықты қамту 59%-ды құрады, 2-компонентті 45,2% вакцина алуға тиісті халықты қамти отырып, шамамен 4,5 млн адам алды.
Бірінші дозамен вакциналаудың ең аз пайызы Маңғыстау облысында (33,1%) байқалады. Өңірлер вакцинамен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілген. Вакциналарды жеткізу кестеге сәйкес жүзеге асырылады.
«Вакциналау тиімділігін бағалау кезінде сырқаттанушылардың 99,9% вакцина алмағандар екені анықталды, бұл ретте вакцина алғаннан кейін сырқаттанғандардың үлесі небәрі 0,1%-ды құрады. Эпидемиологиялық ахуалды, дельта штаммының таралуын және вакцинамен қамтуды ескере отырып, бағалау болжамдарына сәйкес біз оптимистік сценарий бойынша әрекет етіп келеміз. Вакциналау еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға оң әсер етіп жатыр және әкімдіктер осы мәселе бойынша халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жалғастыруы қажет» деді министр.
Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың сөзінше, өңірде індет жұқтырған 12 580 адам тіркелсе, оның 77 пайызы жазылды. Пневмониямен ауырған 1867 науқастың 1580-і емделіп шықты. Осы жылдың маусым-шілде айларында инфекциялық төсек-орын саны 585-тен 2340-қа дейін, ал реанимациялық төсек орын-саны 90-нан 172-ге дейін көбейтіліп, қазіргі таңда жүктеме 55 пайызды құрап отыр екен. Резервтік төсек-орын санын қосқанда 3200 төсек-орны әзірленіп, оның 518 орны орталықтандырылған оттегімен жабдықталған.
«Құрылысы 2020 жылы басталған модульдік стационар жұмысы іске қосылып, ковидтік науқастарды қабылдау басталды. Режимді түрде 6 оттегі шығару станциясы жұмыс жасауда. Дәрі-дәрмек қоры қалыптасқан. Коронавирус инфекциясына қарсы күрес жұмыстарына қажетті медициналық кадрлар мен құрал жабдықтар жеткілікті» деді әкім.
11 ПТР аппараты іске қосылып, тәулігіне 1300-1500 аралығында сынама алынуда. Облыста ұжымдық иммунитетті қалыптастыру мақсатында екпе алуға қабілетті 401 мың тұрғынның 61,4%-ы вакцина алыпты. Қыркүйек айында көрсеткіш 85%-ға орындалады деп жоспарлануда. Вакциналау жұмыстары облыс бойынша 106 егу кабинетінде жүргізілуде, оған 133 мейірбике мен 89 дублер тартылған. Облыста «Ashyq» жобасы арқылы 2749 нысан жұмыс істеуде.
«Қазіргі таңда мониторингтік топ жұмыстары күшейтілді. Бүгінге дейін 167 мониторингтік топпен 12 441 нысанға рейдтік тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде 459 карантин талаптарын бұзу жағдайлары анықталып, 33,4 млн теңге айыппұл салынды» деді әкім.
Осылай деген Әбдіхалықова аймақтағы эпидемиологиялық ахуал қатаң бақылауда екенін.
Өз кезегінде Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин өткен тәулікте өңірде COVID-19-дың 304 жағдайы, оның ішінде пневмонияның 22 жағдайы тіркелгенін баяндады.
«Пандемия басталғаннан бері облыста барлығы 20 199 жағдай тіркелген (пневмония – 2 611). Бүгінгі таңда 15 232 науқас сауығып шықты (75,4%). Қазіргі таңда инфекциялық ауруханаларда 1 072 адам емделіп жатыр. Жан сақтау бөлімшесінде 93 науқас бар, оның ішінде өкпені желдету аппаратында – 57 адам. Төсек қоры мен дәрі-дәрмектерге қатысты әкім бүгінде барлық кереует саны 3 603 орынды құрайтынын, оның ішінде инфекциялық – 1 650 орын (реанимациялық – 192). Инфекциялық төсек-орын жүктемесі – 65,5%, реанимациялық кереует жүктемесі – 46,8%. Резервтік кереует саны – 1 953, соның ішінде реанимациялық – 209» деді әкім.
Сондай-ақ әкімнің айтуынша, облыстағы барлық медициналық ұйымдарда тиісті дәрі-дәрмектер мен қорғаныш құралдарының 2 айлық қоры жасақталған. Әкім вакциналау мәселесіне тоқтала отырып, осы жылдың ақпан айынан бастап облысқа барлығы 506 990 доза вакцина жеткізілгенін хабарлады.
«Жаз айының басында тәулігіне 1000-1500 адам екпе алатын болса, қазіргі таңда бұл көрсеткіш күніне орташа есеппен 3000 адамды құрап отыр» Оразалин.
Облыс бойынша мониторингтік топтардың жұмысы жандандырылды. Әкімнің айтуынша, бүгінде 6500-ге жуық рейд жүргізілді, 34 мыңға жуық нысан тексерілген. Соның нәтижесінде 770 құқық бұзушылық анықталып, шамамен 64 млн теңгеге айыппұл салынды.
«Эпидемиологиялық жағдай мен вакциналау мәселесі бақылауда тұр, осы бағыттағы жұмысты күшейтеміз» деп сендірді Оразалин.
Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нариман Әбілшайықовтың айтуынша, қазіргі кезде 100 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі «Ashyq» қосымшасына қатысып жатыр.
Бұл бизнеске өз қызметін жалғастыруға мүмкіндік береді. Сондықтан «Ashyq» қосымшасының қолданылу аясын одан әрі кеңейту қажет Мамин.